Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Желтоқсан айының ортасына дейін болады»: Денсаулық сақтау министрі тұмаудан сақтанудың жолын айтты

«Желтоқсан айының ортасына дейін болады»: Денсаулық сақтау министрі тұмаудан сақтанудың жолын айтты
Сурет: dodoctor.by
Денсаулық сақтау министрі тұмаумен қатар бірнеше вирустардың да айналымда жүргенін айтты.

Тұмаудың өршуіне байланысты денсаулық сақтау министрі тұрғындарды адамдар көп жиналатын жабық орынға мүмкіндігінше бармауға кеңес берді. Қарапайым ғана сақтық шарасын ұстану аурудың таралуына жол бермейді дейді Ақмарал Әлназарова, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Болжам бойынша, өсім желтоқсан айының ортасына дейін сақталуы мүмкін. Қазақстан аумағында бұрын айналымда болмаған тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ. Вирустық инфекция мен тұмау белгілері барлар тұмаусыз вирустарға да тексеріледі. Ел ішінде, сонымен қатар, риновирус, парагрипп, аденовирус, бокавирус, коронавирус сияқты айналымда жүрген вирустар бар», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова,

Биылғы тұмау маусымы әдеттегіден ерте басталыпты. Қазан айының алғашқы аптасынан бері, әсіресе 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырып жатыр. Соңғы аптада ғана 6 мыңнан астам оқушыға вирус инфекциясы диагнозы қойылыпты. Ал қыркүйектен бері миллион жарымдай адамнан тұмау белгілері анықталған. Оның 960 мыңнан астамы — бала.

Министрліктің мәліметінше, медициналық мекемелер вирусқа қарсы және қызу түсіретін дәрі-дәрмектер жеткілікті. Сондай ақ науқастарды қабылдау үшін инфекциялық стационарларда да қосымша төсек-орындар қарастырылған.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар