Қоғам

Талғардағы ер адам өлімі мен бала ұрлау оқиғасы: учаскелік инспектор қызметінен босатылды

Талғарда бала ұрлау мен ер адамның өлімі оқиғасы бойынша учаскелік инспектор тергеуге алынған.

Талғар ауданында учаскелік инспектор ер адамның өлімі мен баланың ұрлану оқиғасына әкелген әрекеті үшін айыпталып, қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, учаскелік инспекторға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған:

  • ҚР ҚК-нің 371-бап, 2-бөлік – Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық;
  • ҚР ҚК-нің 369-бап, 2-1-бөлік – Құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық жасау.

Прокуратура тергеудің аяқталғанын растады. Инспектор ішкі істер органдарынан 2025 жылдың 4 қарашасында, оқиғадан екі айдан аса уақыт өткен соң, жұмыстан шығарылған.

Жәбірленуші отбасының адвокаты Жандос Палмановтың айтуынша, 3 қыркүйекте, трагедиядан үш күн бұрын, учаскелік инспектор әйелдің үйіне шақыртумен барған. Сол күні үйге мылтық ұстаған ер адам барған.

Адвокаттың сөзінше, инспектор сол күні қорғау нұсқамасын рәсімдеп, оған жәбірленушінің жалған қолтаңбасын қойған.

Айта кетсек, 6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, екі сыбайласымен бірге оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды. Күдікті ұсталды.