Меруерт Түсіпбаеваның әкесі 88 жасында дүниеден озды.
Әнші Меруерт Түсіпбаеваның отбасы қара жамылды. Әншінің әкесі қайтыс болды, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында бөлісті.
"Папам фәни жалғаннан озды …Әдетте, 88 жас деген— той ғой деп жұбатады жақындар , осы сөздермен іштей келісіп, шүкір еткенімізбен , мәңгілікке қоштасу неткен қиын…
Әкем мені, төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді ….
Балғабай Тусупбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен, баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші еді. Баян өңіріне есімі кеңінен таныс , өнерлі жан болатын .Рухыңыз пейіште шалқысын , папа…"деп жазды әнші.



