Маңғыстау облысында ер адам полиция бекетінде өзін өртемек болды (ВИДЕО)
Маңғыстау облысында ер адам өзін өртемек болды.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы полиция бекетінде ер адам өзін өрт қойды. Бұл туралы видео әлеуметтік желідегі парақшада тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан бекет алдындағы жалын мен екі полиция қызметкерін көруге болады. Облыстық полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты.
Патрульдеу барысында жол сақшылары жол жүру ережесін бұзған көлікті тоқтатып, жүргізушіге әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданған.
Бірақ уақыт өткен соң ер адам полиция бөлімінің бақылау-өткізу бекетіне келгенде қызметкерлердің әрекетіне наразылық білдірген. Сол жерде өзіне сұйықтық құйып, өртемек болған.
Полицейлер оның әрекетінің алдын алып, ер адамды медициналық мекемеге жеткізді.
“Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп, барлық мән-жай анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.