«Жеңілтек өмір сүрдік»: Сәкен Қалымов әйелі мен ұлының өзінен теріс айналғанын айтты
Белгілі композитор өзін ұлы мен жары қабылдамай қойғанын айтты.
Танымал композитор, Сәкен Қалымов отбасындағы қиындықтары туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы “Бүгін live” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Айтуынша, жас кезінде серілік құрамын деп отбасынан айрылып қалған.
“Алдарынан өтейін деп арнайы Астанаға іздеп бардым. Мен жарымды да, баламды да кінәлаудан аулақпын. Қателік менен болды. Ол кезде жеңілтек өмір сүрдік, басқаша орта болды. Серілік құрып жүрген кезең еді, көп дүниеге атүсті қарадық. Астанаға мені құшақ жая қарсы алады деп барған жоқпын, әрине, бірақ тіл табыса алмадым. Мені қабылдамады. Енді дұғада боламын, бұйырған күні бәрі жақсы болар деген үміттемін. Ұлым анасымен бірге Астанада тұрады”, – деді ол.