«Емшілерге дейін бардық»: Өмірқұл Айниязовтың әйелі екінші баласына жүкті болу кезінде басынан өткерген қиындықтарын айтты
Өмірқұл Айниязовтың әйелі басынан өткен қиындықтарымен бөлісті.
Әнші Өмірқұл Айниязовтың әйелі Фарида Айниязова бірнеше жылдан кейін қалай жүкті бола алғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы журналист Гүлжанат Пірімбетке берген сұхбатында мәлімдеді.
«42 жасымда екінші баламды дүниеге әкелемін деп ойламадым. Емделдік. Сонымен жүріп 21 жыл өткенін байқамай кеттік. Ең мықты деген дәрігерлерге бардық. Ол кезде Талдықорғанда тұратынбыз. Кейіннен Алматыға көшіпк елдік. Қазақы ем-домдарын да көрдік. Қай жерде қандай емші, дәрігер бар. Барлығына бардым»,- дейді Фарида Айниязова.
Алайда соңында нәтижені дәрігерлерден көрген. Оның алдында бір емшіге барған.
«Емшілерге бару дұрыс па, бұрыс па білмеймін. Өмекең басында бірге баратын. Кейіннен өзің бара бер деді. Бала көтеруге көмектесетін емшіге бардық. Мен сияқты көтермеген адамдар көп, өзі толық, ірі ер адам болатын. Ер адамдар да бар ол жерде, әйелмен бірге күйеуін де емдейді. Бас жағына ер адамдарды, төменгі жағына әйел адамдарды жасайды. Екі шынтақпен, әйелдің аналық жұмыртқаларын ұрады. Оны «отаға келіңіз, ертең сізге ота жасалады» деп айтады. Ер адамның күші көп, саусақпен ұрады. Сол кезде қатты ауырды, бірақ негізі мен шыдамды адаммын. 5-6 рет ұрады, соңғысында қатты ұрған ғой. Өмекең анадай жерден келіп, «болды» деп алып кетті», — дейді ол.