«45 млн теңгеден басталады»: жаңа жылдық кештерде көп гонорар алатын әншілердің тізімі жарияланды
Елімізде жаңа жылдық кештерде қай әншілердің көп гонорар алатыны белгілі болды.
Еліміздегі ивент-агенттіктер мен менеджерлердің мәліметінше, осы жылы көп әртіс гонорарларын көтерген. Желтоқсан айы олар үшін нағыз қарбалас кезең, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап.
- Мақпал Исабекова – 25 желтоқсанға дейін 3 млн теңге, 25-28 желтоқсан аралығында 4 млн теңге, ал желтоқсанның ең сұраныс жоғары күндерінде 5 млн теңге. Ұшу мен қонақ үй шығындары бөлек – тағы 1-2 млн теңге;
- Айқын Төлепберген – 3 млн теңге + тұрмыстық райдер;
- Luina – 4 млн теңге;
- Kalifarniya және Мирас Жүгінісов – 5 млн теңгеден және ортақ райдер;
- Роза Рымбаева – тұрақты гонорар 5,2 млн теңге;
- Dequine – бэндпен бірге 5,9 млн теңге;
- Қайрат Нұртас – 6 млн теңгеден басталады, нақты баға өңір мен кестесіне байланысты белгіленеді;
- RaiM – 6 млн теңге;
- Ерке Есмахан – шамамен 8 млн теңге;
- Sadraddin – бір өнер көрсетуі 11 млн теңге;
- «Ирина Кайратовна» — ең жоғарғы бағалар: 70 мың долларға дейін (шамамен 36,5 млн теңге). Командалық шығындар – тағы 8 млн теңге.
- Қайрат Түнтеков – 500 мың теңгеден;
- Бейбіт Қорған – 1 млн теңге;
- Маржан Арапбаева және Мәдина Сәдуақасова – 1,5 млн теңгеден.
Димаш Құдайберген жеке шараларға өте сирек шығады. Сол себептен оның гонорары 45 млн теңгеден басталады. Әншінің командасы әр ұсынысты жеке қарайды және ірі мәдени, қайырымдылық немесе халықаралық жобаларға басымдық береді.
Brainboy Kazakhstan жетекшісі Мария Максимованың айтуынша, жыл ішінде бағалар 20–30% өскен. Ал желтоқсанда одан да жоғарылайды — 30–70%-ға дейін. Негізгі гонорарға қосымша шығындар да бар: техникалық райдер — 1–5 млн теңге; бизнес-класс билет пен қонақ үй — 1–2 млн теңге; команда шығындары — шамамен 1,5 млн теңге.