Мәдениет

Абай Бегейдің әйелі халықтан сүйінші сұрады

Абай Бегей тағы да әке атанбақ.

Танымал әнші Абай Бегей мен әйелі Фариза Жұманова көпшіліктен сүйінші сұрады. Олар сегізінші рет ата-ана атанбақ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

Бұл туралы Фариза Жұманова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

“+1 Абайұлы немесе Абайқызы”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары Абай Бегей мен әйелін құттықтап, ақ тілектерін жаудырды.

Олар “Құтты болсын! Аман-есен бауырыңызға басыңыз”, “Аман-есен бауырыңызға басыңыз” деп жазған.