Қоғам

Астанада бір күн бұрын жоғалып кеткен қыздың мәйіті Есіл өзенінен табылды

24 қараша күні жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды.

Астанада бір күн бұрын жоғалып кеткен оқушы қыздың мәйіті табылды,  деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқушы Есіл өзеніне батып кеткен.  «Криминалды Қазақстан» телеграмм-арнасындағы мәліметке сүйенсек, баланың жоғалғаны туралы арыз 24 қарашада түскен.

«24 қараша күні полицияға арызданған анасы қызы сағат 18:30 шамасында үйден шығып кеткенін, содан бері байланысқа шықпағанын айтқан. Полиция мен еріктілер баланы бірден іздей бастаған», - деп жазылған ақпаратта.

Дереккөзге сүйенсек, қыз бүгін таңғы сағат алты кезінде көпірден секіріп кеткен. Полиция бірнеше сағат өткенде оның мәйітін Есіл өзенінен тапқан.