Мәдениет

Әнші өзін Мұқасан Шахзадаевтың соққыға жыққанын мәлімдеді: қылмыстық іс қозғалды

"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі өзін Мұқасан Шахзадаевтың соққыға жыққанын мәлімеді.

"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев өзін соққыға жыққанын айтты. Полиция өкілдері бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ғалымжан Сүлейменнің соққыға жығылғаны туралы ақпарат Telegram-дағы egovpress арнасында жарияланды.

"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан топтың әншісі Мұқасан Шахзадаев достарымен бірге әндерді рұқсатсыз қолданғаны үшін аяусыз соққыға жыққанын, қолы мен мұрнын сындырғанын хабарлады", - делінген жазбада.

Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдерінің мәліметінше, 2025 жылғы 22 қарашада Наурызбай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арызбен жүгінген тұрғын өзіне азамат М. және өзге де бірнеше тұлға дене жарақатын салғанын айтқан.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға, сондай-ақ тергеудің толық, жан-жақты, әділ жүруін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу қортындысы бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады", - делінген полиция жауабында.