«Бағалар әлдеқайда арзан»: вице-министр қазақстандықтарға азық-түлікті арзан жерден алуға болатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:47
- 1
Брифингте журналистер вице-министр Айдар Әбілдабековтен Қазақстанда азық-түлік басқа елдерге қарағанда не себепті қымбат екенін сұрады, хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Вице-министр жауап ретінде тұрғындарға азық-түлікті базар секілді арзан жерден алуға кеңес берді.
"Біздің елде бағалар Астана мен Алматыда әртүрлі. Шок боласыз, базарға барасыз да қызанақ, мандарин, апельсин бағасын көріңіз. Сол жерде бағалар әлдеқайда арзан", – деді ол.
Вице-министрдің жеміс-жидек пен көкөністі оңтүстіктен немесе көрші елдерден әкелу кезінде қосымша шығындар кететінін, сол сбеепті баға қосылатынын айтады.
"Содан кейін, сатушылардың маржасы. Оңтүстікте менталитет сәл басқа, Астанада – басқаша. Нарықтағы адамдардың менталитеті әртүрлі. Халық саны көп болғандықтан маржалары аз. Мұнда барлық өнімге үстеме баға жоғары қойылады. Мысалы, бір бөтелке су Астанада әр дүкенде әртүрлі бағада болуы мүмкін. Баға ұнамаса – суды алмаңыз. Басқа дүкенге барып, басқасын сатып алыңыз. Бізде әртүрлі санаттағы дүкендер мен базарлар бар ", – деді Әбілдабеков.
Ол әр апта сайын жұбайымен бірге "Асем" базарына барып, қай жерде ет, тауық немесе тұрмыстық химия арзан екенін көріп шығатынын жеткізді.



