«Тұман, көктайғақ»: 26 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның бірқатар қңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
"Қазгидромет" РМК 26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданданындағы екпіні 15-20 м/с-қа, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман болады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), қөқтайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23 м/с-қа дейін жетеді.
Түнде және таңертең Астанада 26 қарашада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
26-28 қарашада Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман болады. 26-28 қарашада облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с-қа дейін жетеді.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінле, шығысында тұман түседі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман болып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23 м/с-қа дейін жетеді.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 25 м/с-қа дейін жетеді.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.