Ақтауда 13 жастағы ұлды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Ақтауда ер адам ұл баланы зорлады.
Ақтауда жасөспірім ұл баланы зорлады деген күдікпен ер адам қолға түсті. Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Оны полиция департаменті ресми түрде растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасалғаны туралы арыз 4 қарашада түскен.
«Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлімі (Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция органдары қажетті тергеу және процессуалдық іс-шараларды толық көлемде жүзеге асыруда.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, арыздағы деректер тексерілуде, қажетті сараптамалар тағайындалған.
Полиция мәліметі бойынша, қыз баланың жасы – 13, күдіктінің жасы – 29.