Қоғам

Жетісу облысында жер сілкінісі сезілді

Сарыөзек ауданында жер сілкінісі болды.

26 қараша таңертең Жетісу облысында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 7:15-те тіркелді. Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балл сезілген. 

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 км жерде орналасқан.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ.