Мәдениет

«Несиені өзіне алмайды ол»: Гүлзира Айдарбекова ұлының да несие алатын кездері болатынын айтты

Гүлзира Айдарюекова Қайрат Нұртастың да несие алып тұратынын айтты.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы, әнші Қайрат Нұртасқа қатысты қызық оқиғаны айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, әнші өзінен көмек сұраған адамдарға өз қалтасында тиыны болмаса да көмектесіп жүреді екен. Бұл туралы продюсер "Шәйдің қыздары" подкастында. айтты.

"Көбі Қайраттың да кредиті бар ма деп күледі. Бұл қайдан шықты? Несиені өзіне алмайды ол. Мысалы, ұшақтан түскеннен кейін алдынан біреу шығып, «Қайрат балам, мына затты сатып аласың ба? Несие төлеуім керек еді» депті. Қайрат «Несиеңіз қанша?» деп сұраған. Сөйтсе 1 млн 600 мыңдай екен. Бірақ ол қолындағы затын 200 мыңға ал деп тұр. Сөйтсе қалтасында артық ақша жоқ. Өйткені Қайраттың ақшасы ИП-ға түседі. Сонда кредит алады да, ана кісіге ақшаны аударып жібереді. Оны қайдан естіп алатынын білмеймін, Қайрат Нұртастың да кредиті бар екен деп шулады", - деді Гүлзира Айдарбекова

Желі қолданушылары бұған түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі әншінің әрекетін қолдаса, енді бірі ақшасын анасын ұстайды деп болжаған.