Мәдениет

«Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді»: Мөлдір Мұқан өзінің киносына сын айтқан Бақыт Тұрманға жауап берді (ВИДЕО)

Мөлдір Мұқан өзін сынаған бақыт Тұрманға жауап беріп, оның деңгейінің төмендігін айтты.

Белгілі продюсер, әнші Мөлдір Мұқан өзінің туындысы "Шай в большом городе" фильмін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, Бақыт Тұрманның жұбайы Қайрат Әділгерейге Тұрсынбек Қабатов жұмыс берген.

"Ол үйі тұрмақ, шаңырағы тұрмақ, өзбек кафесіне апарып палау бермеген бізге. Мені сыйламай-ақ қойсын. Тұрсынбек Қабатовты сыйлау керек. Себебі Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді. Ол күйеуі сол тапқан табысын үйіне апарды. Ал сол сөйлеп отырған әйел соның нанын жеді. Ол тамағын бала-шағасы жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаны ма? Арамынан кетті ғой. Қайрат Әділгерейді "Әзіл Әлемі" театры көтерді дегенге 100 пайыз аяқ-қолымды көтеріп тұрып "иә" дей аламын. Жасап отырған опасыздығы - деңгейінің төмендігі. Өзі білсін ары қарай", - деді ол. 

Айта кетсек, әнші Бақыт Тұрман күйеуі Қайрат Әділгерейдің бағы "Әзіл әлемінде" жанбағанын айтқан болатын.