Қаңтар оқиғасы: Дикий Арман ісіне қатысты апелляциялық сот шешімі белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:42
- 56
Алматыда Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляция аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
26 қарашада Алматы қалалық сотының апелляция алқасы істің негізгі қатысушыларына қатысты бірінші сатыдағы сот үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.
27 қаңтарда Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша сот шешімі шықты. Осылайша, Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының басшылары мен қарулы тобының мүшелеріне, ҰҚК-нің 5-департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовқа, Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенге және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Айта кетсек, сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі, 268-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 1-бөлігі, 272-бабы 2-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 125-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы, 126-бабы 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.




