Басты жаңалықтар

Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлады: әйел сол кезде оларға құтақарушылардың көмектеспегенін айтты

Астанада ғимараттың қасбеті құлап, одан зардап шеккен әйел оны үйіндіден жедел-жәрдем қызметкерлері ғана құтқарғанын мәлімдеді.

Астанада ғимараттың қасбеті құлап, салдарынан зардап шеккендер сол күні болған оқиғаға қатысты айтты. Олар құтқарушылардың тек қарап тұрғанын, ешкімге көмектеспегенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі NewTimes сайтына сілтеме жасап.

Айтуларынша, жарақат алғандарды үйінді астынан жедел жәрдем қызметкерлері шығарған. Оның ішінде 18 қарашада ауруханада көз жұмған  фельдшер Ұлдана Мырзуан да болған.

“Форма киген адамдарды көрдім. Оларды өрт сөндірушілер деп ойладым. Алайда олар жай қарап тұрды, мүлде жоламады”, – дейді қасбеттің құлауынан жарақат алған 60 жастағы Гүлнар Қалиева.

Зардап шеккендердің арасында Гүлнардың сіңлісі Айнұр және ағасы Жанкелді болған. Әйел ауруханадан шығарылған, алайда әлі де аяғын дұрыс баса алмайтынын айтады.  

“Миым шайқалып, бас миым жарақат алды, басым тігілген. Саусағым екі жерден, бұғана, үш қабырғам сынған. Ал омыртқам екі жерден сынған. Өз бетіммен тұра алмаймын, басым айналып, құлап қалудан қорқамын. Өз бетіммен ештеңе істей алмаймын. Сәл бұрлысам бүкіл жерім ауырады. Екі ай бойы корсетті шеше алмаймын. Алайда түнде шыдай алмай шешуге туралы келеді”, – дейді әйел.

Гүлнар дәрігерлерге денсаулығы нашар екенін айтқанымен, олар  ауруханадан шығарып жіберген. 

“Ауруханадан шыққан кезде жағдайы қалыпты болды. Тәулік бойы бақылауды қажет ететін жедел асқынулар немесе қауіптер анықталмады. Одан әрі оңалту амбулаториялық негізде жоспарланған”, – делінген Денсаулық сақтау басқармасының жауабында. 

Қайғылы оқиға болған күні, Гүлнар мен оның сіңлісі Айнұр ағасы Жанкелдінің үйіне қонаққа бара жатқан. Әп-сәтте үстілеріне бір нәрсе, құлап кетіп, сөйтіп үйіндінің астында қалған. Көздерін ашса, үйіндінің астында жатқан.

“Сіңлімнің жанында тұрған кезде тағы бір дыбыс естілді. Қарасақ кондиционер құлаған екен. Олар бәрін зембілмен бір-бірлеп көтере бастады. Форма киген адамдар шетте тұрды, жақындамады. Олар тек қарап тұрды”, – деді Гүлнар.

Зардап шеккендердің бірі Айнұрдың жағдайы ауыр. Оның бас сүйегі жарақаттанып, бірнеше қабырғасы мен омыртқасы сынған. Туыстарының сөзінше, қатерлі ісіктің соңғы сатысына байланысты үш жыл бұрын жатырын алып тастаған. Қазір зардап шегуші химиотерапия алып жатқан көрінеді.

Жанкелді мен Айгүл дәл осы ғимараттағы пәтерді бір жыл бұрын сатып алған. Алайда олар үйді сатып алған кезде ғимараттың тозығы жеткені алдын ала айтылмаған. 

Тұрғындардың айтуынша, ғимараттың едені мен қасбетінде үлкен жарықтар бар. Олар көшіп келгенде мұны ешкім ескертпеген. Шатырдан үнемі су ағып жатады екен.

60 жастағы Гүлнар зейнетке шыққанға дейін медбике болып жұмыс істеген. Жұмыс істейін десе әзірге денсаулығы жарамайды. Оған өзін қалыпқа келтіру үшін массаж терапиясы, дәрі-дәрмектер қажет. Ал отбасының қалтасы бұл шығынды көтере алмайды. Сондықтан ол көмек алу үшін көршісінің байланыс ақпаратын қалдырды:

Kaspi: +7 747 018 2282 Гүлнар К.

Карта: 4400 4303 6393 3554

Байланыс: 8 701 246 2885 Әсел, көрші.