Басты жаңалықтар

Тұмау өршіп тұр: елімізде 789 мектеп қашықтан оқып жатыр

Қазақстанда тұмаудың өршуіне байланысты көп мектептер қашықтан оқып жатыр.

Тұмаудың кесірінен 12 өңірде оқушылар онлайн оқуға мәжбүр. Білім ордалары осындай сақтық шарасын қабылдауға мәжбүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Дегенмен бетперде тағуды міндеттеу тәртібіне көшуді әр мектептің басшысы жағдайға қарап қабылдайды. Мәселен, бір сыныпта ауырған баланың саны 20 пайыздан асса, сыныптан сыныпқа көшу жүйесі тоқтатылады. Ал 30 пайызынан көбі тұмауратса, сабақты үйінен оқиды. Оқу-ағарту министрлігінің айтуынша, бұл шара тұмауды тасымалдамай, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында қабылданған. Әзірге онлайнға өткен сыныптар саны бойынша Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр. Ал ел бойынша қашықтан оқуға көшкен сынып саны 10 мыңға жуық.

«Елімізде 789 мектеп қашықтан оқып жатыр. Бұл 9526 сынып, яғни қазір бірнеше өңірде балалар қашықтан оқытып жатыр. Ата-ана мен педогогтерге түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Қашықтан оқуға жіберілген мектеп саны СҚО, ШҚО, Қостанай, Абай облыстарында 100 мектептен асты», - дейді орта білім беру комитетінің баспасөз хатшысы, Баян Мұратбекқызы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі.