Гонконгтағы алапат өрт: Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
Тоқаев Си Цзиньпинге Гонконгта болған алапат өртке қатысты көңіл айтты.
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.
Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Айта кетейік, Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде шыққан алапат өрттен кемінде 44 адам қаза тапқаны айтылған.