Жамбыл облысында сәлем салмаған келін соттан бір-ақ шықты
Томирис Тоныкөк
Күйеуі әпкесіне сәлем салмаған әйеліне бейәдеп сөздер айтқан.
Жамбыл облысының Жуалы ауданында келін қайын әпкесіне сәлем салмағаны үшін тұрмысқа шыққалы жатқан жігітінен бейәдеп сөз естіген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жуалы аудандық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-бөлігі “Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер” бойынша азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады.
Үйлену тойы кезінде Т әйелінен үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген. Бірақ ол сәлем салудан бас тартқан. Кейіннен ер адам әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған боқауыз сөздер айтқан. Сондай-ақ, күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін алып кетуді дөрекі түрде талап еткен.
Сотта құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрады. Екі тараптың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан істі тоқтатуды сұрады. Әйелі де істі тоқтатуды сұрады.