Алматылық кәсіпкер: маған қарыз адамдар мен блогерлер бірігіп мені ұрлап, үлкен көлемде ақша бопсалады (Видео)
Кәсіпкер Блаев кезінде өзі қолдаған кәсіпкерлер отбасының ойранын шығару үшін адам төзгісіз қолықтар көрсетті деп отыр.
Алматылық кәсіпкер өзіне бір топ адам оның ішінде екі блогер бар, ұйымдасқан түрде қастандық жасап, ақша бопсалап, отбасы мүшелеріне түрлі қоқан-лоққы көрсетіп, қорқытып келгенін айтады. Бахтияр Блаев Қазақстандағы ірі кәсіпкерлердің бірі екен. Ол құрлыс саласында абыройлы компанияны басқарады. Сөзінше өзі қызмет ететін компаниядан тапсырма алып, ақысын төлетіп, бірақ жұмысты бітірмей кеткен кәсіпкерлерді ол сотқа берген,деп жазды кәсіпкерлер мен блогердің сотына қатысқан Kyn.kz тілшісі.
Сот шешімімен олар Блаевтың компаниясына алған қаржыны қайтаруға міндеттелген. Бірақ, Блаевтың сөзінше олар ақшаны қайтарудың орнына кәсіпкерді қорқытып, әкесіне, інісіне тіпті жаңадан 18 жасқа толған қарындасының ізіне түсіп, түрлі арандату әреткеттеріне барған. Отбасының абыройын таптайтын видеолар түсіріп, «Егер қарызыңды кешпесең әулетіңді масқара етеміз, барлықтарыңа жеке-жеке әшкере ететін видеомыз бар» деген көрінеді. Ол видеоларды кәсіпкерлер блогерлерге түсіртіп, солардың әлеуметтік желідегі парақшаларына саламыз деген көрінеді.
«Мен жеңіл жаза өтеу абақтысында болдым. Ол жерде таңда бостандыққа кетіп, кешке оралуға болады. Сол ереже бойынша қалада жүргенмін. Менің артымнен белгісіз көлік үш мәрте соққы жасады. Тағы бір көлік алдымды тосты. Олар мені бірден қоршауға алып, «Міне қараңыздар, жазасын өтеуші қалада көлік басқарып, қыдырып жүр» деп видео түсіре бастады. Ал негізінде менің әрекетім заңды. Олар осының өзін «Міне саған компромат» деп мені қорқыта бастады. Сөйлесу барысында кәсіпкерлер маған жағдай айтып, қарыздарын кешіруімді қорқыта отырып сұрады.
Мен абдырап қалдым. «Біз үш көліктеміз, терезесі қараңғы көлікте тағы бірнеше адамымыз бар» деді. Мен өз өміріме қауіп төніп тұр деп түсініп, айтқандарына көнетінімді айттым. Олар мені қала сыртына қарай алып кетуді жоспарлады. Міне сол кезде ағам мен әкеме қоңырау шалып шақырдым. Жол бойында тоқтап, маған Алматыдан шығуға болмайтынын, ертең сағат 10:00 шамасында олардың айтқан жерінде кездесіп, сұраған ақшаларын беріп, одан бөлек қарыздарын кешетінімді айтып әрең құтылдым»,-дейді кәсіпкер Блаев.
Бір күннен кейін кәсіпкер арнайы жедел тергеу амалымен оларға кездесуге барған. Сол жерде видео түсірілім жасалған. Кәсіпкер өзінен кімнің қанша қаржы сұрағандарын, өзін бопсалаушылар дәл сол жерде блогерлерге хабарласып «Видеоны тоқтата тұр, төлейтін болды, келістік» деп еркін сөйлескен екен.
Өзіме қарыздар адамдардан құтыла алмай тынышым қашқанда, блогерлердің ізіме түсіп, меннен ақша жасағысы келгені ызамды күшейтті дейді кәсіпкер.
«Отбасымызға ең ауыр тигені 18 жасқа енді толған қарындасымыздың абыройын төгіп, арандатып, жалаңаш фторо-видеоға түсірген. Оны елге көрсетеміз деп қызға қысым жасап, үйден ірі көлемде ақша ұрлауға мәжбүрлеген. Ақырында қыздың өзін ұрып-соғып, «Мені ағаларым ұрды, үйде осындай қорлық көрудемін» дегізіп видео түсіріп алған. Ең сорақысы сол видео жарияланған кезде мен қарындасымның қасында, қалада болмағанмын.Бұл деген нағыз оңбағандық емес не? Жанымызға батқаны да осы»,-дейді кәсіпкер Бахтияр Блаев.
Сотталушылар қатарында отырған Дамир Кушеевтің әйелі Ақмейір Кушеева мен оның адвокаты Амир Акимжанов кәсіпкерлер арасындағы шиеленіскен мәселеде блогердің ешқандай да қатысы жоқ деп отыр. Сөзерінше Кушеев тергеу абақтысында еш дәлелсіз 11 айдан бері бекерден-берекр қамауда отыр екен.
« Оның кінәсі болса ұсталған сәтті керемет етіп көрсетті ғой. Негізінде олай болған жоқ. Олардың айтқандары рас болса Дамир әлдеқашан қанша жыл екені белгілі болып, сотталып кетуші еді. Айтмуханов «Сотталған адам бахтияр Блаев рұқсаты жоқ болса да қалада көлікпен жүр» деп хабарласқан. Сотталушы қалай ол қалада жүреді? Әрине Дамир белсенді бірден оған таңырқап қарап, оқиға орнына барған. Оны сотталушы Айтмұханов шақырған. Дамир ұсталған кезде журналистер хабарласты, мен мүмкін емес деп сенбедім. Жәй ғана қараңызшы, адам солай жұртты қорқытып, керемет ақша алып жатса мен қалам ба бес баламен жалдамалы пәтерде»,-дейді блогер Кушеевтің жары Ақмейір.
Ал адвокат Амир Акимжанов блогер ақша бопсалады дегенмен мүлде келіспейміз деп отыр.
«тағылған айыпты мойындамаймыз.Бұл қылмыстық кодекстің 194 бабы, 4 бөлімімен яғни аса ірі көлемде ақша бопсалау бабымен қозғалып тұр. Тағылған айыпқа ешқандай дәлел жоқ. Бұл жала екенін айтамыз. Кушеевтің тағы бір сотталушы Русланмен байланысы бар деп айта аламын. Олар екеуі менің түсінгенім бойынша достар. Бельянскийді мүлде танымайды, бұрын соңды көріспеген сияқты. Сотталушы Айтмұханов бұған дейін Кушеевке ақпаратты жариялату мақсатында хабарласқан екен. Олардың сөзінен Кушеев Айтмухановтың өтінішімен бір мақаланы жариялап берген. Сотталушы бостандықта жүр деп оқиға орнына Дамирді сол Айтмуханов шақырған. Ол тек сотталушының заңсыз әрекетке барғанын көрсеткісі келді»,-дейді Амир акимжанов.