Қоғам

Семейде ер адам туған күнінде сүйіктісін қызғанып, танысын ұрып тастады

Сүйіктісін қызғанған семейлік танысын ұрды.

Семейдің 33 жастағы тұрғыны туған күнінде сүйіктісін қызғанып, танысын ұрып тастаған. Орташа ауыр жарақат келтіргені үшін ер адам жазаға тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ер адам туған күнін атап өту үшін сүйіктісімен бірге танысының мерекесіне барған. Ол дастархан басында қызына біреудің қызығушылық танытқанын байқап, қызғаныштан танысын бірнеше рет ұрған.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, жаза түрінде 400 сағаттық қоғамдық жұмыс белгіледі. Қылмыскер Затон ауданы пробация қызметінде есепке алынды. Қызметкерлер оған түсіндірме және тәрбиелік сипаттағы әңгіме жүргізді.

«Мен ол жағдайда дұрыс істеген жоқпын. Қызғаныш пен ішімдік әсер етті. Мен кінәмді түсінемін және кез келген жағдайды күшпен емес, сөзбен шешу керегін білемін. Енді менің міндетім – тағайындалған қоғамдық жұмыс сағаттарын толық орындау, өмірге көзқарасымды өзгерту, ойланып жасалмаған қадамдарды қайталамау, тұрақты жұмыс табу және заңды бұзбау», дейді ер адам.

Затон ауданы пробация қызметінің орынбасары Ерік Өсербаев жағдайға қатысты пікір білдірді.

«Пробация қызметінің негізгі міндеті тек бақылау ғана емес, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу. Біз сотталғандарға жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінуге көмектесеміз. Қоғамдық жұмыстар, тәрбиелік әңгімелер және тұрақты бақылау арқылы тәртіп пен заңға құрмет қалыптасады.