Қоғам

ҚҚС-тың көтерілуі бағаға қазірдің өзінде ықпал етіп жатыр - Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ҚҚС-тың өсуі бағаға әсер ететінін айтты.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылдан бастап қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеру қазірдің өзінде бағаға ықпал етіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, адамдар бағаны алдын ала көтеріп қойған.

"Теңге бағамына қатысты мәселелердің барлығы негізінен сыртқы факторларға байланысты. Яғни ҚҚС-тың өсуі бағаға әсер ететіні түсінікті. Егер ҚҚС туралы айтатын болсақ, қазірдің өзінде оның ықпалы сезіледі. Яғни адамдар бағаны алдын ала көтеріп қойған. Оның үстіне сұраныс та шексіз емес, халықтың нақты табысы төмендеген жағдайда бағаны үнемі көтере беруге болмайды. Бірақ, соған қарамастан, нақты 13% орнына 16% төлеуге тура келгенде, бағаның көтерілуі мүмкін екені түсінікті", - деді Сүлейменов.

Ұлттық банк төрағасы сондай-ақ, бұл фактор валюта бағамына емес, ішкі тауарларға қатысты екенін атап өтті.