Басты жаңалықтар

Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды

Аида Балаева тағы жаңа лауазымға келді.

Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылғы 2 қыркүйекте Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. 2024 жылғы 6 ақпанда Президенттің жарлығымен осы қызметке қайта тағайындалды.