Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы.
Синоптиктер 2 желтоқсанда күн райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп болжанады.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында нөсер жаңбыр жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман болады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
Астанада 2 желтоқсанда тұман түседі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
2-3 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында және орталығында да тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында көктайғақ болып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман болады деп болжанады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады.
Түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/сқа жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі.