Қоғам

«Аналары жүргіш»: Астанада ерекше балаларды қорлаған блогер полицияға жеткізілді

Ерекше балалардың ата-аналары туралы әдепсіз сөз айтқан блогер ұсталды.

Әлеуметтік желіде ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты мәлімдеме жасап, оларды қорлаған блогердің видеосы тарап кеткен болатын. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Видеоның авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина атты блогердің мәлімдемесі ерекше баласы бар аналардың шамына тиіп, олар ұжымдық арыз жазған болатын.