Айқын Төлепберген көпшіліктен сүйінші сұрады
Айқын Төлепберген бесінші рет әке атанды.
Танымал әнші Айқын Төлепберген тағы да әке атанды. Ол сүйінші жаңалықты желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Бүгін, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Нұртан Ару Айқынқызы дүниеге келді. Жұлдызыма үлкен алғыс. Мен сені жақсы көремін", - деп жазды Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасында.
Айқын Төлепберген бес баланың (екі ұл, үш қыз) әкесі екенін атап өтті.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа құтты болсын айтып, тілектерін жазды.
Айта кетсек, бұған дейін Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали үшінші сәбиін күтіп жүргенін жазған едік.