Атырауда 14 жастағы қыз жоғалып кетті
Атырауда 1 желтоқсан күні 14 жастағы қыз жоғалды.
Атырауда 14 жастағы қыз жоғалып кетті. Қыз үйінен кіші інісімен бірге шыққан, бірақ мектепке бармаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Атырауда 1 желтоқсанда кешке жоғалып кеткен 14 жастағы Бақтыгерейді іздеу жұмыстары басталған.
«Кейбір деректерге сүйенсек, олар кейін бөлініп кеткен. Ұл мектепке кеткен, ал қыз өзен жаққа қарай бағыт алған. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз», - деп жазады БАҚ.
"1 желтоқсанда 2011 жылы туған кәмелетке толмаған қыз сабаққа кеткен, бірақ үйіне оралмаған. Жоғалып кеткен күні үстінде қара күртеше, көк шалбар, ақ аяқкиім болған, қолында қоңыр сөмкесі бар. Қазіргі уақытта ауқымды іздестіру шаралары жүріп жатыр", — деп хабарлады Атырау облысы ПД.
Қыздың қайда екені жайлы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне хабарлау сұралды.