«Ешкіммен араласқым келмейді»: Алмас Кішкенбаев жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды
Алмас Кішкенбаев көпшілікті алаңдатты.
Белгілі әнші Алмас Кішкенбаев ешкіммен араласқысы келмейтінін айтып, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол ешнәрсеге зауқы болмай жүргенін айтып, ішкі сырын бөлісті.
«Ешкіммен араласқым келмейді, сөйлескім келмейді. Адам баласынан көңілім қалғаны ма әлде қартайғандық па?» - деп жазды әнші Threads әлеуметтік желісінде.