Қоғам

Алматыда бағаны негізсіз көтерген бірнеше супермаркет жазаланды

Алматыда бірнеше супермаркет бағаны көтеріп жіберген.

Алматыда "Метро", Small, Toimart және өзге де ірі сауда желілері бағаны негізсіз көтергені үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті жыл басынан бері жоспардан тыс тексеріс жүргізген.

"Small, JLC, Galmart, Toimart, My Mart сауда желісі, А-стор, Беккер, Carefood, Food Beverage Trading ЖШС, Airba Fresh ЖШС, Good Luck Trade ЖШС, Mix Market Trade ЖШС және басқа да нысандарға қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, 420-дан аса кәсіпкерлік әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Мәселен "Метро" ірі сауда желісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына 15% сауда үстемесін қосқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. "Метро Кэш энд Керри" ЖШС департамент шығарған осы әкімшілік шешімге сот инстанцияларында шағымданған, бірақ нәтиже болмаған. Өйткені департаменттің әрекеттері заңды болған.