Автобус жүргізушісін балғамен ұрған: шымкенттік жігітке сот үкім шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:14
- 13
Автобус жүргізушісін балғамен ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарған шымкенттік жас жігіт бас бостандығынан айырылмайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Almaty.tv. жаңалықтарына сілтеме жасап.
Себебі 17 жастағы тұрғын өз кінәсін мойындап, жәбірленуші тараппен татуласқан. Сот оны бостандыққа жіберді.
Еске салсақ, оқиға маусымда болған. Сол кезде № 52 бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушісі бір адамның жол ақысын төлемегенін айтып, ескерту жасаған. Алайда азамат бұл сөзге ашуланып, автобус жүргізушісін балағаттап, сыртқа шығуын талап еткен. Арты төбелеске ұласып, жүргізушіге бірнеше адам жабыла кеткен. Келеңсіз жайттан кейін кәмелетке толмаған жігіт қамауға алынған.
"Қылмыстық кодекстің 114-бабы 3-бөлігі бойынша айыпталған айыпталушыға қылмыстық кодекстің 68-бабы 1-бөлігі қолданылып, ол жәбірленушімен татуласып, келтірілген зиянды қалпына келтіргеніне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, қылмыстық іс тоқтатылсын. Айыпталушыға қолданылған бұлтартпау шарасы өзгертіліп, дереу босатылсын", – деді судья Болат Қарабаев.


