Алматы әуежайында өз-өзін өртеп жіберген ер адамға қатысты тергеу тоқтатылды
Әуежайда ер адам өзіне өрт қойған.
Алматы әуежайында өзіне өрт қойған 33 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқталды. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ер адам ешкімге шағымы жоқ екенін айтқан.
“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Ауруханадан шыққаннан кейін аталған азамат ешкімге шағымы жоқ екені туралы жазбаша өтініш берген”, – делінген хабарламада.
Ішкі істер департаменті қажет тергеу және жедел іс-шараларды аяқтағанын айтты.
Еске салсақ, Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберген болатын. Ол әуежай кеңселерінің бірінде үстіне бөтелкемен сұйықтық ұүйып, өрт қойған. Бұл туралы видео желілде тарады.