Қазақстанның кейбір жерлерінде қар жауып, боран болады
4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы.
Синоптиктер 4 желтоқсан бірқатар өңірде күн райы күрт бұзылып, қар мен боран болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысында күндіз көктайғақ, солтүстігі мен орталығында тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, қар, көктайғақ, төменгі жел мен боран күтіледі. Батыс пен солтүстігінде тұман болады. Жел батыстан соғады, түнде солтүстік, шығыс және оңтүстігінде 15–20 м/с-қа, күндіз 15–20 м/с-қа, оңтүстігінде 23 м/с-қа жетеді.
Костанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең көктайғақ пен тұман болады деп болжанады.
Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы және орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында түнде қар, боран, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс және оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші күндіз солтүстік пен шығыста 15–18 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, қар, боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, күші күндіз батыс пен оңтүстікте 15–20 м/с-қа жетеді.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында күндіз жаңбыр, қар, боран, көктайғақ болады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстігінде тұман түседі.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік пен шығысында боран, батысы, оңтүстік және шығысында тұман, көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, солтүстік пен шығысында желдің күші 15–20 м/с-қа жетеді.
Актөбе облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстік пен оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз таулы аудандарда 15–20 м/с-қа жетеді.