Қоғам

Елімізде енді полицейлер планшет арқылы жүргізушінің жеке дерегін көре алмайды

Енді полицейлер планшетті тек хаттама толтыру үшін ғана қолдана алады.

Елімізде енді полиция қызметкерлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды. Сақшылар үшін сенсорлық құрылғы тек хаттама толтыруға жарайтын болады. Бұл жаңашылдық азаматтардың шағымынан соң енгізіліп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро31  жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бұрын жол сақшылары ереже бұзған жүргізушінің Жеке сәйкестендіру нөмірін планшетке теріп, оның мекен-жайы, жұмыс орны секілді жеке ақпараттарды біле алатын. Тіпті азаматтың телефон нөмірі де көрініп тұрады.

Бұдан былай планшетте бұл мәліметтер болмайды. Тек полицейлер азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірін айыппұл толтыру үшін ғана енгізеді. Өзгерісті жүргізушілердің көбі қолдап отыр.