Қарағандыда әйелін өлтіріп, мәйітін тығып қойған ер адам 18 жылға сотталды
Ер адам әйелін өлтіріп, айғақтарды жойған соң өзі полиция шақырған.
Қарағандыда 42 жастағы ер адам әйелін өлтіріп, қылмыстың ізін жуып-шайып, полиция шақырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Ер адам жасаған қанды қылмыс шілде айының аяғында қызының тойынан кейін болған. Туыстарының айтуынша, ер адам 40 жастағы әйеліне жиі қол көтерген.
Ерлі-зайыптының екі баласы бар. Олар тіпті біраз уақыт бөлек тұрып та көрген.Қайғылы жағдай болмай тұрып, қайта бірге тұра бастаған.
“Оның беті кесілген, ерні жарылған, жауырыны кесілген, басында жарақат бар. Ол оны пышақпен ғана кескілеп қана қоймаған, сынған орындықпен де ұрған. Аузында бірде-бір тісі қалмаған. Киімдерді жуып, үстіндегі қанды жуып, кетірген. Кейін айғақтарды жойып, пышақты көшеге лақтырып жіберіп, полиция шақырған”, – дейді ерлі-зайыптылардың қызы Евгения Бобик.
Сондай-ақ ер адам ұрлық пен шабуыл жасағаны үшін бұрын сотталған болып шықты.
Жантүршігерлік қылмысы үшін судья оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда өзі бұлмен келіспейді және сот шешіміне шағымданамын деп отыр.
“Аталған баптың санкциясы 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыпталушы қылмыс жасау кезінде мас күйде болған және бұл оның кінәсі мен жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде танылды”, – деді судьч Бекзат Шалғымбаев.