Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын енді көз емдетуге пайдалана алмайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын енді көз емдетуге пайдалана алмайды
Сурет: emc-nn.ru
"Отбасы" банкі зейнетақы төлемдерін көз емдетуге пайдалануға рұқсат бермейтін болды.

4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

«Отбасы» банкінің мәліметіше, ендігіде зейнетақы қаражатын стомотологияға және кқз емдеуге де пайдалануға болмайды.

"Өтінім қабылдауды тоқтату – Денсаулық сақтау министрлігінің БЖЗҚ емделуге пайдалану ережелеріне енгізген өзгерістерімен байланысты. Желтоқсанның үші күні тиісті бұйрық жарияланды. Жаңа ережелерге сәйкес, зейнетақы қаражатын стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат берілмейді", - делінген хабарламада.

Стомотология бойынша өтінім тоқтатылғаннан соң көз емдеуге қтінім көп түскен. Оның ішінде күмән туғызатын жағдайлар анықталған. "Отбасы банк" азаматтар БЖЗҚ артық қаражатты әлі де маңызды және қымбат ем түрлеріне ғана пайдалана алатынын атап өтті.

"Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артты. 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өсті. Сонымен қатар банк бірқатар күмәнді жағдайды анықтады. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болды", - делінген хабарламада.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар