Басты жаңалықтар

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері 15-20 пайзыға дейін өсуі мүмкін

Елімізде ұялы байланыс тарифтері тағы қымбаттайды.

Қазақстанда Beeline, Altel, Tele2 байланыс операторлары қызмет ақысын көтеруді қарастырып жатыр, шамамен 15-20 пайызға өсірмек. Сала мамандары тарифтің өзгеруін инфрақұрылымды дамыту қажеттілігімен байланыстырып отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

Ұялы байланыс тарифінің 15-20 пайызға өсуі қарапайым тұрғындардың назарынан тыс қалмады. Себебі қызмет ақысы ұялы телефон арқылы сөйлесуден өзге хат алмасу және интернетпен тікелей байланысты. Ал кейбір қолданушылар абоненттік төлем соңғы уақытта жиі өзгергенін байқаған.

Байланыс операторлары тарифті өзгерту қажеттіліктен туындаған шара екенін мәлімдеп отыр. Себебі электр энергиясында шығын күрт өскен. Сондай-ақ база станциялары мен Data орталықтарының құрылысына қомақты қаражат қажет екенін айтады. Олар тұрақты байланысты қамтамасыз етіп, сапаны жақсарту үшін шетелден жабдықты әкелу керек дейді.

"Шығынның өсуіне әсер ететін факторлар көп. Мәселен, іске қосылатын қосымша құн салығы, электр қуаты. Егер электр энергиясы, антенна желілік болмаса, байланыс та болмайды. Айта кету керек, Қазақстан гигабайт құны арзан 10 елдің қатарына кіреді. Біз тарифті жаппай өсірмейміз. Тек көптен бері өзгермеген қызмет құнына түзету енгіземіз", - дейді Beeline Қазақстан холдингінің президенті Евгений Настрадин.

Қызмет ақысына жауапты орган өкілдері араласпайтынын айтады. Себебі тиісті заңнама бойынша компаниялар бағаны өздері реттейді.

"Ұялы байланыс операторларынан алынған ақпаратқа сәйкес Altel, Tele2 желтоқсан айынан бастап тарифті өсіруді көздеп отыр. Соның ішінде архивті пландардың құнын көтермек. Ал Kceel жыл соңына дейін қызмет ақысын ұлғайтуды жоспарлап отырған жоқ. Beeline үйдегі интернеттің бағасын көтереді", - дейді ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Олжас Кабенов.

Абоненттер тарифтің өзгергесін байланыс сапасы да жақсаратын шығар деп үміттенеді.