Алматыда жер сілкінісі болды. Тұрғындардың ұялы телефондарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 минутта Алматыда жер сілкінісін тіркеді.
Мәліметке сүйенсек, жер сілкінісі 2–3 балл болған.
"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталуда. Жерсілкінісі ошағы Қытай аумағында. Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан. Жерсілкінісінің координаттары: 41.021 с.е. 78.387 ш.б Тереңдік 5 км”, – делінген хабарламада.



