Қоғам

Алматыда жер сілкінді

Алматы тұрғындары жер сілкінісінн сезді.

Алматыда жер сілкінісі болды. Тұрғындардың ұялы телефондарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 минутта Алматыда жер сілкінісін тіркеді.

Мәліметке сүйенсек, жер сілкінісі 2–3 балл болған.

"Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12 сағат 45 мин жер сілкінісі тіркелді. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталуда. Жерсілкінісі ошағы  Қытай аумағында. Алматы қаласынан  оңтүстік-шығысқа қарай 277 км. жерде орналасқан. Жерсілкінісінің координаттары: 41.021 с.е. 78.387 ш.б Тереңдік 5 км”, – делінген хабарламада.