Басты жаңалықтар

Елімізде 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынбақ

Енді TikTok, Instagram, YouTube желілеріне 16 жасқа толмаған балалар кіре алмауы мүмкін.

"Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында 16 жасқа толмаған желі қолданушыларын онлайн платформаларда тіркеуге тыйым салатын заң жобасы жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Онда "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғаудың ерекшеліктері" туралы 10-1-бап келтірілген. Норма 16 жасқа толмаған желі қолданушыларына жедел хабар алмасу қызметтеріне тіркелуді есепке алмағанда, онлайн платформаларда тіркелуге тыйым салады.

Түсіндірме жазбада көрсетілгендей, заң жобасының мақсаты – онлайн-платформалардағы заңсыз контент көлемін азайту үшін қажетті заңнамалық базаны құру және онлайн платформалар мен масс-медианы дамытуға байланысты заңнаманы жаңарту.

Заң жобасын қоғамдық талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Айта кетсек, Қазақстанда кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салу 2023 жылы талқыланған.