Қоғам

Астанада екі автобус соқтығысты: біреуінің жүргізушісі қаза тапты

Астанада ек автобус соқтығысып, бір адам қаза болды.

Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ .

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала деректерге сәйкес шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.  Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.