Қоғам

Қазақстанда алдағы үш күнде аяз болады

Алдағы үш күнде күн суытып, қар жауады.

Қазгидромет синоптиктері 6, 7 және 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұрқасын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның батысына қарай жылжитын арктикалық антициклон температураның айтарлықтай төмендеуіне себеп болады.

«Осылайша, 8 желтоқсанда солтүстік-батыста 5-13 градус аяз, солтүстікте 10-15 градус аяз, әрі қарай температураның төмендеуі күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.