«Ешқандай кінә мен қателік кеткен жоқ!»: Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін ресми мәлімдеме жасады
Жәнібек Әлімханұлы допинг-тестің B үлгісін ашуға ресми өтініш бергенін мәлімдеді.
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қатысты туындаған допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қолдауларыңызға рақмет, шын жанкүйерлер! Бұйыртса бұл да артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалғанда да біраз адам күмәнданған! Кейін олар да жанкүйер болып кетті. Ол қиындық та артта қалды. Бұл допинг дауы да шешіледі! Біздің команда ең мықты команда! Біз әлі әлемге талай қазақша сөйлейміз! Біз әлі талай жастарға құмар ойнама деп айтамыз! Біз әлі талай туды желбіретеміз! Біздің мақсат айқын. Ол мақсаттан бізді ешқандай қиындық тайдыра алмайды", –деді ол.