Ақтауда 80 балалар ойын алаңы мен 50 спорт алаңы салынып жатыр
Қала аумағында қазіргі күні 320 балалар ойын алаңы мен 120 спорт алаңы бар.
Ақтау қаласы әкімдігінің тапсырысымен биыл тағы 80 балалар ойын алаңы және 50 дана спорт алаңы салынуда. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі есептік кездесуінде баяндады.
Бүгінгі күні жаңартуды қажет ететін мекен-жайлар тізімі жасақталып, мердігер ұйым тарапынан тиісті жұмыстар жүргізулуде. Шартқа сәйкес жаңарту жұмыстары 2026 жылдың наурыз айына дейін жалғасады. Сонымен қатар бұдан бөлек «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Ақтауда 10 абаттандыру жобасы іске асырылуда.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі