Дәулет Тұрлыханов күрес федерациясынан неге кеткенін түсіндірді
Тұрлыханов: Өзім тоқтатайын деп шештім.
Қазақстан күрес федерациясының Президенті Дәулет Тұрлыханов өз өкілеттігін тоқтатқанын Instagram парақшасында жариялады.
«Құрметті достар, әріптестер! Бүгін мен Қазақстан күрес федерациясының президенті қызметін аяқтаймын деп шешім қабылдадым. Алғысым шексіз», – деп жазды ол.
Тұрлыханов федерацияны басқарған жылдардағы негізгі жетістіктерді атап өтті. Бұл нәтиже бүкіл команда еңбегінің жемісі екенін айтты.Қазақстан күрес федерациясының жаңа басшысы болып Еркін Оқасов сайланды. Бұл ақпаратты федерацияның баспасөз қызметі растады.