Қоғам

Екібастұзда кафеде мас күйде төбелес шығарған қыз сот шешімімен аула тазартатын болды

Сот оны 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде түзеу жұмыстары түріндегі жазаға кескен. Ол осындай қоғамдық жұмыстарға тартылып, мемлекетке 369200 теңге көлемінде шығынды қайтаруға міндеттелді.

 Екібастұз қаласы пробация қызметінде алкогольдік масаң күйде қаладағы дәмханалардың бірінде жанжал шығарған екі қызға қатысты сот қаулысы шықты.

Белгілі болғандай, келушілер арасында шыққан жанжал  төбелеске ұласып, қыздар бір-біріне қол көтерген. Оқиға өзге қонақтардың көзінше болған.

 Мекеме қызметкерлері қыздарды  тоқтата алмаған. Ақыр соңы полициядан көмек сұрап бұзық қыздарды әділ жазалауды сұраған.

Сот істі қарай келе, бір қызды кінәлі деп танып, оны 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде түзеу жұмыстары түріндегі жазаға тартты. Енді ол қала көшелерін тазартып, сол сияқты жұмыстарды істеп, айлығын мемлекетке аударатын болады.