Алматы облысындағы “Нарынқол“ шекара заставасында әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты
Шекара қызметі марқұмдардың туыстарына қаржылай , психологиялық қолдау болатынын хабарлады.
Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында болған өрт салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты, - деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.
Шекара қызметі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға қажет барлық көмек көрсетіліп жатыр.