Мәдениет

«Эмоцияға беріліп айтып қойдым»: Мөлдір Мұқанова сұхбаттан соң Тұрсынбек Қабатовтың балаларымен хабарласқанын айтты

Мөлдір Мұқанова экс-күйеуінің балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты.

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Мөлдір Тұрсынбек Қабатов сұхбаттан кейін балаларымен хабарласқан.

“Сұхбаттан кейін балаларға хабарласып, сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Қызына “Әдемі, саған рақмет” деп айтқан екен. Жүрегі елжіреп, кішкене дауысы дірілдеп тұрған екен. Әдемі оған: “Папа, не үшін рақмет айтып жатырсыз? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға рақмет” деп жауап беріпті”, – деді ол.

Айтуынша, сұхбатта эмоцияға беріліп, сол кездегі қиыншылықтармен бөлісіп қойған. Алайда айтылмаған нәрсе әлі деп көп екен.

“Бұл – уақытша қателік. Дәл сол уақытта балалардың нөмірін бұғаттапты. Сол сәтте өзім қасында болмағаннан кейін Тұрсынбектің өзі бұғаттады ма, әлде қасындағы адамдар бұғаттады ма? Біз білмейміз ғой. Сондықтан мен тек фактілерді айтамын. Қаншама уақыт бойы біз хабарласа алмай, жазбаларымызға жауап ала алмадық. Хатымыздың бізден кеткені ғана көрініп тұрды, оған бармады. Телефоннан қоңырау бармады, байланысқа шыға алмай қалдық. Қиналып кеттік, сағындық, жыладық… Әсіресе Айару мен Нұриман… Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп осындай қиыншылықты айтып қойдым”, – деді ол.