Астанада Cinema City кинотеатрынан өрт шықты
Астанадағы ең танымал демалыс орындарының бірі Cinema City кинотеатры өртенді.
Астанада Cinema City кинотеатрының ғимараты өртенді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Байқоңыр ауданы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған бір қабатты павильонда өрт шыққан.
"Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді", - деп жазылған хабарламада.
Кейінірек ТЖМ күштері өртті оқшаулағаны хабарланды.
Cinema City ойын-сауық орталығы 1999 жылы ашылып, шамамен 10 жыл жұмыс істеген. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде ол Астанадағы ең танымал демалыс орындарының біріне айналған.